06.09.2025 16:30
Зидан түркиялық клубты баптауы мүмкін
06.09.2025 16:30
Зинедин Зидан «Фенербахче» бас бапкері атануы мүмкін
Sabah Spor мәліметінше, қос тарап алдын-ала келісімге келіп қойыпты. Енді жалақы мен жеке шарттарды талқылап жатыр. Осыдан соң, франциялық бапкер Түркияға аттанады екен.
Бұған дейін ыстамбұлдық клуб Чемпиондар лигасындағы сәтсіздіктен кейін Жозе Моуриньюны орнынан босатқан еді.
Ал Зидан болса 2021 жылы «Реалдағы» қызметінен кеткеннен кейін, әлі бапкерлікке оралмады.