29.08.2025 13:26
«Фенербахче» Жозе Моуриньюды қызметінен босатты
29.08.2025 13:26
«Фенербахче» клубы бас бапкер Жозе Моуриньюды қызметінен босатқанын хабарлады.
62 жастағы маман Түркияның клубын 2024 жылдан бері тізгіндеп келді.
Осы аралықта 62 матч өткізіп, 37-інде жеңіске жетсе, 11 ойында жеңіліс тапқан еді.
Естеріңізге сала кетсек, сондай-ақ «Бешікташ» Оле-Гуннар Сульшермен келісімшартты бұзған еді.