14.01.2026 18:11

Мбаппе, Беллингем: «Реалдың» 11 футболшысы бүгін ойнамайды

14.01.2026 18:11

«Реалдың» су жаңа бас бапкері Альваро Арбелоа «Альбасетеге» қарсы матчқа шақырту алған футболшылар тізімін жариялады

Оған негізгі құрамның 11 ойыншысы кірмей қалды. Атап айтсақ, Килиан Мбаппе, Родриго, Антонио Рюдигер, Эдер Милитао, Альваро Каррерас, Тибо Куртуа, Ферлан Менди, Джуд Беллингем, Браим Диас, Трент-Александер Арнолд және Орельен Тчуамени бүгінгі матчқа қатыспайды. Осыған байланысты Арбелоа академиядан жеті ойыншы шақырды.

Айта кетейік, «бланкос» бүгін, 14 қаңтарда Испания кубогының 1/8 финалы аясында «Альбасетемен» кездеседі. Бұл бас бапкер Альваро Арбелоаның «Реал» тізгініндегі алғашқы матчы болмақ.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram