08.10.2025 08:20
Мбаппе алдағы матчқа қатыспауы мүмкін
08.10.2025 08:20
Килиан Мбаппе алдағы матчта Франция құрамасына көмектесе алмауы мүмкін
Cope мәліметінше, 26 жастағы шабуылшының «Вильярреалға» (3:1) қарсы ойында алған тобық жарақаты әлі толықтай жазылмапты.
Осыған байланысты 10 қазан күні өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Әзербайжанға қарсы ойынды өткізіп алайын деп тұр.
Айта кетейік, екі ойыннан кейін алты ұпай жинаған Дидье Дешам шәкірттері D тобында көш бастап келеді.