10.09.2025 17:28

Матета АПЛ-де клуб ауыстыруы мүмкін

10.09.2025 17:28

«Кристал Пэлас» ойыншысы Жан-Филипп Матета клубтан кетуі мүмкін

TEAMtalk мәліметінше, франциялық шабуылшыға «Лидс» пен «Астон Вилла» қызығушылық танытып отыр.

Ал 28 жастағы футболшының «Лидске» ауысуға құлқы жоқ екен. Сондықтан мансабын бирмингемдік клубта жалғастыруды жөн көріп отыр. Ауысым қаңтардағы трансфер кезеңінде орын алуы бек мүмкін.

Матета «Кристал Пэлас» намысын 2022 жылдың қаңтар айынан бері қорғап келеді. Осы аралықта жалпы 158 матч өткізіп, 49 гол мен 11 нәтижелі пастың авторы атанды. Командамен бірге биыл Англия Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram