10.09.2025 17:04
France Football «тосын сый» дайындап жатыр
10.09.2025 17:04
«Алтын доп» табыстайтын France Football журналы футболсүйер қауымға «тосынсый» жасамақ
Францияның беделді басылымының директоры Венсан Гарсия 2025 жылғы «Алтын доптың» кімге бұйыратыны соңына дейін құпия сақталғанын қалайды.
Яғни, осыған дейінгідей алдын-ала фотосессия, сұхбаттар бұл жолы ұйымдастырылмайды екен. Конверт ашылғанға дейін жүлде иегері кім екені белгісіз болмақ.
«Алтын доп» табыстау рәсімі 22 қыркүйек күні өтеді. 2025 жылдың үздік ойыншысы Париждегі Шатле театрында анықталады. Былтыр басты жүлдені «Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Родри жеңіп алған еді.