29.04.2026 00:19
Маркиньос рекорд орнатты
29.04.2026 00:19
ПСЖ қорғаушысы әрі капитаны Маркиньос рекорд орнатты

Ол «Баварияға» қарсы Чемпиондар лигасындағы 120-матчына алаңға шықты. Осылайша турнир тарихында ең көп ойын өткізген бразилиялық футболшы атанып, Роберто Карлоспен теңесті.
Маркиньос осы 120 матчта әзірге 11 гол соғып, төрт нәтижелі пас берген.
Жартылай финал аясындағы ПСЖ мен «Бавария» арасындағы матч Париждегі «Парк-де-Пренс» стадионында өтіп жатыр. 17-минутта Харри Кейн пенальтиден гол соғып, Мюнхеннің клубын есепте алға шығарды – 0:1.