04.09.2025 11:56
Марк Гехиге «Реал» мен «Барселона» көз тікті
04.09.2025 11:56
«Кристал Пэлас» ойыншысы Марк Гехи мансабын Испания чемпионатында жалғастыруы мүмкін
Sun Sport мәліметінше, англиялық қорғаушыға «Реал» мен «Барселона» қызығушылық танытып отыр.
Қос алпауыт клуб 25 жастағы ойыншыны қаңтар айында қатарына еркін агент ретінде қосқысы келеді.
Осыған дейін, Гехи мен «Ливерпуль» сөз байласып қойған еді. Алайда соңғы сәтте трансферді рәсімдеу мүмкін болмады. Себебі «Кристал Пэлас» Марктың орнына футболшы тауып үлгермеді.
Айта кетейік, Гехи «Кристал Пэлас» намысын 2021 жылдың шілде айынан бері қорғап келеді. Осы аралықта жалпы 159 ойын өткізіп, 6 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. Командамен бірге биыл Англия Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.