03.09.2025 08:34

Марк Гехиге «Бавария» көз тікті

03.09.2025 08:34

«Кристал Пэлас» ойыншысы Марк Гехи мансабын Бундеслигада жалғастыруы мүмкін

Алекс Круктың мәліметінше, англиялық қорғаушыға «Бавария» қызығушылық танытып отыр.

Мюнхендіктер 25 жастағы футболшыны келесі жазда еркін агент ретінде қатарына қосқысы келеді.

Осыған дейін, Гехи мен «Ливерпуль» сөз байласып қойған еді. Алайда соңғы сәтте трансферді рәсімдеу мүмкін болмады.

Айта кетейік, Гехи «Кристал Пэлас» намысын 2021 жылдың шілде айынан бері қорғап келеді. Осы аралықта жалпы 159 ойын өткізіп, 6 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. Командамен бірге биыл Англия Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram