05.09.2025 09:02
Марк Гехиге бес клуб «құда түсті»
05.09.2025 09:02
«Кристал Пэлас» ойыншысы Марк Гехиге Еуропаның алпауыт бес клубы көз тігіп отыр
The Mirror мәліметінше, англиялық қорғаушыға «Реал», «Барселона», «Бавария», «Интер» және «Ювентус» қызығушылық білдіруде.
Аталған клубтар қысқы трансфер кезеңінде Гехи үшін таласқа түспек.
Айта кетейік, Гехи «Кристал Пэлас» намысын 2021 жылдың шілде айынан бері қорғап келеді. Осы аралықта жалпы 159 ойын өткізіп, 6 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. Командамен бірге биыл Англия Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.