16.02.2026 12:31

«Манчестер Сити» ойыншысы «Астон Виллаға» ауысуы мүмкін

16.02.2026 12:31

«Манчестер Сити» қақпашысы Джеймс Траффорд «Астон Виллаға» ауысуы мүмкін

Football Insider хабарлауынша, Бирмингемнің клубы оны жазда клубтан кетуі мүмкін Эмилиано Мартинестің орнына қарастырып отыр.

23 жастағы ағылшын голкипері клуб ауыстыруға дайын екен. Ол Джанлуиджи Доннарумманың көлеңкесінде қалып қалғысы келмейді.

Траффорд «қалалықтар» сапына өткен жазда «Бернлиден» 31,2 миллион еуроға ауысып келген еді. Содан бері 11 матчта тоғыз гол өткізіп, бес матчта қақпасына доп жібермеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram