16.02.2026 10:12
«Арсенал» ойыншысы қатардан шығуы мүмкін
16.02.2026 10:12
«Арсенал» қорғаушысы Риккардо Калафьори жарақат алды

«Уиганға» (4:0) қарсы ойынды бірінші минуттан бастауы керек болған 23 жастағы италиялық қорғаушы матч алдында дене қыздырып жүріп, бұлшық етін зақымдап алыпты. Нәтижесінде оның негізгі құрамдағы орнын Букайо Сака басты.
Риккардоның жағдайы бүгінге жоспарланған медициналық тексерістен кейін белгілі болады.
Калафьори осы маусымда 24 матчта бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді.