16.02.2026 08:37
Неймар араға 71 күн салып қатарға оралды
16.02.2026 08:37
«Сантос» дүлдүлі Неймар қатарға оралды

34 жастағы бразилиялық жартылай қорғаушы Бразилия Паулистасының 8-турындағы «Вело Клубқа» (6:0) қарсы ойында бір нәтижелі пас берді.
Бұл оның 7 желтоқсаннан бергі алғашқы матчы болды. Ол тізесіне ота жасатқан еді.
Ал сегіз турдан кейін 12 ұпай жинаған «Сантос» ішкі біріншілікте сегізінші орында келеді.