16.02.2026 09:14
«Лейпциг» вингері топ-клубқа ауысуы мүмкін
16.02.2026 09:14
«Лейпциг» вингері Ян Диоманде жақында клуб ауыстыруы мүмкін

Фабрицио Романоның хабарлауынша, 19 жастағы Кот-д'Ивуар ойыншысына «Бавария» көз тігіп отыр. Мюнхен клубының бас бапкері Венсан Компани оны аттай қалап отыр екен.
Одан бөлек Янды Ағылшын Премьер-лигасының бірқатар командасы өз қатарынан көргісі келеді. Ал «Лейпциг» әлі басты жұлдызының бағасын бекітпепті.
Диоманде осы маусымда 24 матчта тоғыз гол соғып, алты нәтижелі пас берді.