16.02.2026 11:12
«Арсенал» рекорд орнатты
16.02.2026 11:12
Англия кубогының 1/16 финалында «Арсенал» «Уиганды» 4:0 есебімен жеңді

«Эмирейтс» стадионында өткен кездесудің есебін 11-минутта Нони Мадуеке ашты. Кейін 18-минутта Габриэль Мартинелли мергендік танытса, 23-минутта Джек Хант өз қақпасына гол соғып алды. Ал 27-минутта Габриэль Жезус таблодағы көрсеткішті 4:0-ге жеткізді.
Осылайша «зеңбірекшілер» турнир тарихында матчтың бастапқы 30 минутында төрт гол соққан алғашқы АПЛ (1992/93 жылғы маусымнан бері) клубы атанды.
Микель Артетаның шәкірттері келесі кездесуін 18 ақпан күні Премьер-лига аясында «Вулверхэмптонға» қарсы қонақта өткізеді. 26 турдан кейін 57 ұпай жинаған команда ішкі біріншілікте көш бастап тұр.