21.09.2025 22:20

«Манчестер Сити» мен «Арсенал» тең тарқасты

21.09.2025 22:20

Ағылшын Премьер-лигасының 5-туры аясында «Манчестер Сити» мен «Арсенал» кездесті

«Эмирейтс» стадионында өткен кездесуде 1:1 есебі тіркелді

Эрлинг Холанд 9-минутта гол соғып есеп ашты. Алайда 90+3-минутта Габриэль Мартинелли есепті теңестіріп кетті.

Осылайша 10-ұпайына қол жеткізен «Арсенал» турнир кестесінде 2-орынға көтерілді. Ал еншісінде жеті ұпайы бар «Манчестер Сити» 9-орынға жайғасқан.

Келесі турда Гвардиоланың командасы өз алаңында «Бёрнлиді» қабылдайды. Ал лондондықтар түзде «Ньюкаслмен» кім мықтыны анықтайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram