17.09.2025 10:26

«Арсенал» Чемпиондар лигасында рекорд орнатты

17.09.2025 10:26

Чемпиондар лигасының 1-туры аясында «Арсенал» сырт алаңда «Атлетиктен» 2:0 есебімен басым түсті

Бұл жеңістің арқасында «зеңбірекшілер» турнир тарихында испаниялық клубтарды алты матч қатарынан ұтқан алғашқы команда атанды.

2023 жылдан бері «Арсенал» Испания өкілдері «Реал» мен «Севильяны» екі мәрте, сондай-ақ «Жиронаны» бір рет тізе бүктірген болатын.

Микель Артета шәкірттері Чемпиондар лигасының келесі турында «Ньюкаслға» қонаққа барады. Ал 8-турда Лондонда алматылық «Қайратпен» шеберлік байқасады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram