13.09.2025 18:48
«Арсенал» жарқын жеңіске жетті
13.09.2025 18:48
Ағылшын Премьер-лигасының 4-туры аясында «Арсенал» «Ноттингем Форестті» тізе бүктірді
Лондонда өткен кездесуде алаң иелері 3:0 есебімен жеңіске жетті. «Зеңбірекшілер» сапында Мартин Субименди дубль жасаса, Виктор Дьокереш бір гол соқты.
Осылайша төрт ойыннан кейін тоғыз ұпай еншілеген «Арсенал» live-кестеде көш бастады.
Микель Артета шәкірттері келесі ойынын Чемпиондар лигасында «Атлетикке» қарсы түзде өткізеді. 1-тур аясында болатын кездесу 16 қыркүйекке жоспарланған.