10.09.2025 20:45
«Арсеналдан» екі футболшы кетуі мүмкін
10.09.2025 20:45
«Арсенал» ойыншылары Габриэль Жезус пен Леандро Троссард клубтан кетуі мүмкін
Football Insider мәліметінше, футболшылар өздеріне бөлінген ойын уақытына қанағат етпейді екен.
Осыған байланысты екеуі де қыста клуб ауыстыруды жоспарлап отыр. Тиісінше, лондондық клуб та Троссард мен Жезусты сатып, құтылуға қарсы емес.
Жезус өткен маусымда 27 матч өткізіп, жеті гол соғып, екі ассист жасады. Ал Троссард болса 56 ойында 10 рет мергендік танытып, 10 нәтижелі пас берді.
Айта кетейік, Ағылшын Премьер-лигасының үш турынан кейін алты ұпай жинаған «Арсенал» турнир кестесінің үшінші сатысында келеді. Микель Артета шәкірттері келесі ойынын 13 қыркүйек күні «Ноттингем Форестке» қарсы өз алаңында өткізеді.