12.01.2026 11:52

«Манчестер Юнайтедтің» жаңа бапкері белгілі болды

12.01.2026 11:52

«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Майкл Кэррик команданың бас бапкері міндетін атқарушысы атануы мүмкін

Фабрицио Романоның хабарлауынша, 44 жастағы маман манкуниандықтардың басшылығымен сәтті келіссөз жүргізіпті. МЮ жаңа бапкердің есімін осы аптада жариялайды екен.

Сондай-ақ үміткерлер қатарында «қызыл сойқандарды» 2018-2021 жылдары аралығында баптаған Уле-Гуннар Сульшер де бар. Ол клубтан хабар күтіп отыр.

Айта кетейік, 5 қаңтар күні «Манчестер Юнайтед» бас бапкері Рубен Аморимді қызметінен қуған еді. Содан бері команданы Даррен Флетчер уақытша жаттықтырып келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram