12.01.2026 09:29
«Манчестер Сити» шабуылшысына жеті клуб көз тікті
12.01.2026 09:29
«Манчестер Сити» вингері Оскар Бобб жақында командадан кетуі мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, 22 жастағы Норвегия вингерін Дортмундтың «Боруссиясы» 34,5 миллион еуроға сатып алу мүмкіндігімен жалға алғысы келеді.
Сондай-ақ оған «Тоттенхэм», «Борнмут», «Севилья», «Атлетико», «Ньюкасл» және «Кристал Пэлас» қызығушылық танытып отыр екен. «Қалалықтар» Оскардың клуб ауыстыруына рұқсатын беріпті.
Бобб осы маусымда 15 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді.