12.01.2026 10:08

Кьеза «Ювентуске» оралуға жақын

12.01.2026 10:08

«Ливерпуль» вингері Федерико Кьеза «Ювентуске» оралуға жақын

Николо Скираның хабарлауынша, Туриннің клубы 28 жастағы Италия ойыншысын сатып алу құқығымен жалға алуды көздеп отыр.

Қос тарап арасында келіссөз келер аптада басталады екен. Кьезаның өзі де отанына қайтқысы келеді.

Кьеза «қызылдар» сапына 2024 жылы «Ювентустен» 12 миллион еуроға ауысып келді. Ол осы маусымда 20 матчта екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram