12.01.2026 10:33
Вальверде жарақат алды
12.01.2026 10:33
«Реал» жартылай қорғаушысы әрі капитаны Федерико Вальверде Испания Суперкубогының финалындағы «Барселонаға» (2:3) қарсы ойында жарақат алды

27 жастағы жартылай қорғаушы Эль-Класико кезінде оң аяғының тізесін зақымдап алып, 68-минутта алаңдағы орнын босатты. Осыған байланысты ол бүгін медициналық тексерістен өтеді екен. Нәтижесінде жарақатының қаншалықты ауыр екені белгілі болады.
Вальверде осы маусымда 25 матчта бір гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.