25.11.2025 03:13
«Манчестер Юнайтед» жеңіліп қалды
25.11.2025 03:13
Ағылшын Премьер-лигасының 12-турында «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Эвертонға» жол берді

«Олд-Траффорд» стадионында өткен кездесуде 0:1 есебі тіркелді. Матчтағы жалғыз голды 29-минутта Кирнан Дьюсбери-Холл соқты. Сондай-ақ 13-минутта қонақтардың жартылай қорғаушысы Идрисса Гуйе алаңнан қуылып кетті.
Осылайша Манчестердің клубы қатарынан үшінші ойында ұпай жоғалтты. Бұған дейін манкуниандықтар «Тоттенхэм» (2:2) және «Ноттингем Форестпен» (2:2) тең түскен еді.
Қазір еншісінде 18 ұпайы бар «қызыл сойқандар» турнир кестесінде 10-орында келеді. Рубен Аморимнің шәкірттері келесі турда 30 қараша күні түзде «Кристал Пэласпен» кім мықтыны анықтайды.