24.11.2025 22:27
«Челси» жұлдызы «Барселонаға» ауысуы мүмкін
24.11.2025 22:27
«Челси» шабуылшысы Педру Нету мансабын Испанияда жалғастыруы мүмкін

Fichajes хабарлауынша, 25 жастағы Португалия вингеріне «Барселона» қызығушылық танытып отыр. Каталония клубының спорт директоры Деку отандасын өз командасында көргісі келеді.
Бірақ трансфер Рафинья кеткен жағдайда ғана болуы мүмкін екен. Қазіргі таңда оған «Ливерпуль» көз тігіп жатыр деген қауесеттер бар.
Нету Ағылшын Премьер-лигасының осы маусымында 12 ойында төрт гол соғып, екі нәтижелі пас берді.