25.01.2026 23:27
«Манчестер Юнайтед» «Арсеналды» тізе бүктірді
25.01.2026 23:27
Ағылшын Премьер-лигасының 23-турында «Манчестер Юнайтед» сырт алаңда «Арсеналды» жеңіп кетті

«Эмирейтс» стадионында өткен кездесу 3:2 есебімен аяқталды. Манкуниандықтардың сапында Брайан Мбемо, Патрик Доргу және Матеус Кунья қақпа торын тулатты. Ал «Арсенал» құрамында Микель Мерино дараланды. Сондай-ақ МЮ қорғаушысы Лисандро Мартинес автогол авторы атанды.
Осылайша «қызыл сойқандар» 38-ұпайын еншілеп, турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді. Ал 50 ұпайы бар «зеңбірекшілер» көш басында қалды.
Майкл Кэрриктің шәкірттері келесі турда «Фулхэмді» қабылдайды. Микель Артетаның командасы болса «Лидске» қонаққа барады.