25.01.2026 21:06

«Челси» жеңіске жетті

25.01.2026 21:06

Ағылшын Премьер-лигасының 23-турында «Челси» сырт алаңда «Кристал Пэласты» тізе бүктірді

«Селлхерст Паркте» өткен кездесу 1:3 есебімен аяқталды. «Челси» сапында Эстевао, Жоао Педро және Энцо Фернандес (пенальтиден) мергендігімен көзге түсті. Ал алаң иелерінің жалғыз голын Крис Ричардс соқты.

Осылайша «ақсүйектер» 37-ұпайына қол жеткізіп, турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді.

Лиам Росеньор шәкірттері келесі турда 31 қаңтар күні «Вест Хэмді» қабылдайды. Ал одан үш күн бұрын Чемпиондар лигасында «Наполиге» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram