25.01.2026 17:55

Робертсон «Тоттенхэмге» ауысуы мүмкін

25.01.2026 17:55

«Ливерпуль» қорғаушысы Эндрю Робертсон жақында клуб ауыстыруы мүмкін

Daily Mail хабарлауынша, «Тоттенхэм» 31 жастағы шотландиялық қорғаушыны бес миллион фунт стерлингке сатып алғысы келеді. Қазір қос клуб келіссөз жүргізіп жатыр екен.

Робертсон Мерсисайд клубының намысын 2017 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 22 матчта бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram