25.01.2026 18:20

«Барселона» Ферминге жаңа келісімшарт ұсынды

25.01.2026 18:20

Фермин Лопес «Барселонада» қалатын секілді

Экрем Конурдың хабарлауынша, «блауграна» 22 жастағы испаниялық жартылай қорғаушыға 2031 жылға дейін жарамды болатын жаңа келісімшарт ұсынды.

Жаңа шартқа сәйкес, Ферминнің жалақысы 50%-ға өседі. Сондай-ақ тағы бонустар қарастырылады екен. Клуб Фермин келесі аптада келісімшартқа қол қояды деп үміттеніп отыр.

Фермин осы маусымда 24 матчта 10 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram