25.01.2026 18:35
Дро Фернандес ПСЖ-ға ауысады
25.01.2026 18:35
«Барселона» жартылай қорғаушысы Дро Фернандес ПСЖ-ға ауысады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап бес жылға жарамды келісімшартқа қол қояды. Ал трансфер құны «Барселона» бекіткен алты миллион еуроны құрады.
Дро ПСЖ-мен өткен аптада сөз байласып қойыпты. Ол Луис Энрике баптайтын командаға қосылуға дайын.
18 жастағы испаниялық жартылай қорғаушы осы маусымда сегіз матчқа қатысып, бір гол соқты.