25.01.2026 22:09

«Барселона» «Реал Овьедоны» тас-талқан етті

25.01.2026 22:09

Испания Ла Лигасының 21-турында «Барселона» өз алаңында «Реал Овьедоны» 3:0 есебімен жеңді

«Камп Ноу» стадионында өткен кездесуде Дани Ольмо, Рафинья және Ламин Ямаль гол соқты.

Осылайша «блауграна» 52-ұпайын олжалап, турнир кестесінде көш басында қалды.

Ханси Флик шәкірттері келесі турда 31 қаңтар күні «Эльчеге» қонаққа барады. Ал одан үш күн бұрын Чемпиондар лигасында «Копенгагенді» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram