13.09.2026 22:32

«Ман Сити» «Ман Юнайтедтен» басым түсті

13.09.2026 22:32

Ағылшын Премьер-лигасының 4-турында «Манчестер Сити» сырт алаңда «Манчестер Юнайтедті» 1:0 есебімен жеңді

«Олд-Траффорд» стадионында өткен кездесуде жалғыз голды Эрлинг Холанд 60-минутта соқты. Сондай-ақ 23-минутта Фил Фоден алаңнан қуылды.

Осылайша «қалалықтар» жеңісті жорығын жалғастырып, 12-ұпайын еншіледі және турнир кестесінде екінші орынға тұрақтады. Ал «қызыл сойқандар» төрт ұпаймен 13-сатыда келеді.

Энцо Маресканың шәкірттері келесі турда «Сандерлендті» қабылдаса, Майкл Кэрриктің жігіттері «Фулхэмге» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram