13.09.2026 18:32
«Барселона» Рафиньяға жаңа келісімшарт ұсынбақ
13.09.2026 18:32
«Барселона» шабуылшысы Рафинья клубта әлі біраз ойнауы мүмкін

AS хабарлауынша, Каталонияның клубы оған жақында 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды болатын келісімшарт ұсынбақ. «Блауграна» Рафиньяға Саудия клубтарынан «майлы» ұсыныстар түсіп жатқанынан хабардар. Сондықтан ұзаққа созбай тезірек жаңа келісімге қол қойдыртып алғысы келеді, бірақ әлі ресми келіссөз басталмапты.
29 жастағы бразилиялық форвард «Барселонаға» 2022 жылы «Лидстен» 58 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда бес матчта сегіз гол соғып, бір нәтижелі пас берді.