13.09.2026 17:26

Димарко «Интерде» қалады

13.09.2026 17:26

«Интер» қорғаушысы Федерико Димарко клубта қалады

La Gazetta dello Sport хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2030 жылдың 30 маусымына дейін ұзарту туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Бәрі ойдағыдай болса 28 жастағы италиялық ойыншы жақында жаңа келісімге қол қояды екен.

Димарко «нерадзурри» намысын 2018 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда үш матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді. Ал қазіргі келісімшарты 2028 жылдың жазында аяқталады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram