13.09.2026 13:27
Араухо «Барселонаға» оралғысы келмейді
13.09.2026 13:27
«Ливерпульде» жалда жүрген Рональд Араухо «Барселонаға» қайтқысы келмейді

Daily Mail хабарлауынша, 27 жастағы уругвайлық қорғаушыға Англияда өмір сүру ұнап қалыпты. Ол «Ливерпульде» ойнаудан ләззат алады және командамен ұзақ мерзімге жарамды келісімшартқа отыруды қалайды.
Мерсисайдтың клубы Рональдты тамыз айында «Барселонадан» бір маусымға жалға алған еді. Сондай-ақ 55 миллион еуроға сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Араухо содан бері «қызылдардың» сапында бес матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді.