13.09.2026 02:09
«Арсенал» «Сандерлендтен» басым түсті
13.09.2026 02:09
Ағылшын Премьер-лигасының 4-турында «Арсенал» сырт алаңда «Сандерлендті» 2:0 есебімен тізе бүктірді

«Стэдиум оф Лайт» стадионында өткен кездесуде 58-минутта Бруну Гимарайнш гол соқса, 90+7-минутта Букайо Сака пенальтиден мергендік танытты. Сондай-ақ 90+6-минутта «Сандерленд» қорғаушысы Рейнилду Мандава алаңнан қуылды.
Осылайша «зеңбірекшілер» 12-ұпайын еншілеп, live-кестеде көш бастады.
Микель Артета шәкірттері келесі турда 19 қыркүйекте «Брайтонмен» күш сынасады. Ал одан төрт күн бұрын Лига кубогының 1/16 финалында «Ипсвичпен» шеберлік байқасады.