12.09.2026 23:31

«Тоттенхэм» «Эвертонмен» ұпай бөлісті

12.09.2026 23:31

Ағылшын Премьер-лигасының 4-турында «Тоттенхэм» өз алаңында «Эвертонмен» тең тарқасты

Лондонда өткен кездесуде гол соғылмай, 0:0 есебі тіркелді.

Осылайша «Тоттенхэм» АПЛ осы маусымында әлі жеңіске жете алмай келеді. Бұған дейін «қораздар» «Ноттингем Форрестпен» (0:0) тең түсіп, «Ньюкасл» (0:2) және «Брентфордқа» (0:3) есе жіберген. Қазір команда live-кестеде екі ұпаймен 17-орында тұр.

Роберто Де Дзербидің шәкірттері келесі турда 19 қыркүйекте «Астон Вилланы» қабылдайды. Ал одан төрт күн бұрын Лига кубогының 1/16 финалында «Ливерпульге» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram