12.09.2026 22:28
Олисе «Баварияның» үздік ойыншысы атанды
12.09.2026 22:28
Майкл Олисе «Баварияның» тамыздағы үздік ойыншысы атанды

24 жастағы француз вингері өткен айда екі ресми матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Осылайша ол жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде 43,8% көрсеткішпен Натаниэль Браун (20,1%) және Луис Диасты (9,7%) артқа тастады.
Бұған дейін Олисенің Дортмунд «Боруссиясына» соққан добы Мюнхен клубының тамыз айындағы үздік голы болып танылған еді.