13.09.2026 13:50
Хулиан Альварес қатардан шықты
13.09.2026 13:50
«Атлетико» шабуылшысы Хулиан Альварес қатардан шықты

Marca хабарлауынша, 26 жастағы аргентиналық форвард командамен соңғы жаттығу кезінде денсаулығына байланысты алаңнан кетіп қалыпты. Осыған байланысты ол бүгін, 13 қыркүйек күні Испания Ла Лигасының 5-турында өтетін «Реал Сосьедадқа» қарсы матчқа қатыспауы мүмкін.
Бұған дейін Пабло Барриос балтырын және Александер Сёрлот бұлшық етін зақымдап алып, саптан тыс қалған еді.
Мадридтің клубы Альваресті 2024 жылы «Манчестер Ситиден» 75 миллион еуроға сатып алған еді. Хулиан осы маусымда үш матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді.