13.09.2026 21:21

«Барселона» жеңіске жетті

13.09.2026 21:21

Испания Ла Лигасының 5-турында «Барселона» сырт алаңда «Левантені» тізе бүктірді

«Сьюдад да Валенсия» стадионында өткен кездесуде 2:4 есебі тіркелді. Каталония клубының сапында Ламин Ямаль дубль жасаса, Хави Эспарт пен Кәрім Адейеми бір голдан соқты.

Осылайша «блауграна» 15-ұпайын еншілеп, турнир кестесінде жеке-дара көш бастады.

Ханс-Дитер Фликтің шәкірттері келесі турда 16 қыркүйек күні «Расингке» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram