13.09.2026 19:00
«Челси» 140 миллионға топ-ойыншы алмақ
13.09.2026 19:00
«Барселона» жартылай қорғаушысы Фермин Лопес «Челсиге» ауысуы мүмкін

El Nacional хабарлауынша, Лондонның клубы оны алдағы қыста қатарына қосуды көздейді және 140 миллион еуро ұсынуға дайын. «Көктердің» бас бапкері Хаби Алонсо Ферминді аттай қалап отыр. Ал «Барселона» Лопестен айырылып қалғысы келмейді, бірақ қомақты ұсыныс түсіп жатса сатып жіберуі мүмкін.
Фермин – «Барселонаның» төл түлегі. Ол осы маусымда бес матчта төрт гол соғып, екі нәтижелі пас берді.