11.12.2025 10:54

Магуайр «Реалға» ауысуы мүмкін

11.12.2025 10:54

«Реал» қорғаныс шебін күшейтуді жоспарлап отыр

Fichajes хабарлауынша, Мадридтің клубы қысқы трансфер кезеңінде бір қорғаушыны қатарына қосып алғысы келеді.

Қазіргі таңда «бланкос» «Манчестер Юнайтед» ойыншысы Харри Магуайр және «Манчестер Сити» өкілі Джон Стоунзға көз тігіп отыр екен. Қос футболшының да келісімшарты жазда аяқталады.

Айта кетейік, «Реал» Испания біріншілігінде екінші, ал Чемпиондар лигасында жетінші орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram