04.09.2025 22:33

Мадридтік дербидің уақыты өзгерді

04.09.2025 22:33

Ла Лиганың 7-туры аясында өтетін «Атлетико» – «Реал» матчының уақыты өзгерді

Алғашында мадридтік дерби 28 қыркүйек, сағат 21:00-ге жоспарланған.

Алайда, Чемпиондар лигасының 2-турындағы ойындарға байланысты аталған кездесудің уақыты 27 қыркүйек, сағат 19:15-ке ауыстырылды.

Осы матчтан кейін «Реалды» 6500 шақырымды құрайтын Алматыға ұзақ сапар күтіп тұр.

Айта кетейік, «Қайрат» Чемпиондар лигасының 2-туры аясында өз алаңында мадридтік «Реалды» қабылдайды. «Орталық» стадионда өтетін тарихи матч 30 қыркүйек күні сағат 21:45-ке белгіленген.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram