27.09.2025 22:35
Мадрид дербиінде «Реал» екі ойыншысынан айырылды
27.09.2025 22:35
Ла Лиганың 7-туры аясында «Реал» сырт алаңда «Атлетикоға» 2:5 есебімен жеңілді
Аталған матчта Патша клубының негізгі қорғаушылары Эдер Милитао мен Карвахаль жарақат алып, ойынды соңына дейін жалғастыра алмады.
Енді қос футболшы да ертең медициналық тексерістен өтеді. Нәтижесінде жарақаттарының қаншалықты ауыр екендігі белгілі болады.
Айта кетейік, Мадридтің ұжымы келесі кездесуін Чемпиондар лигасының 2-туры аясында «Қайратқа» қарсы Алматыда өткізеді.