27.09.2025 12:10
Кейнге «Барселона» мен «Реал» көз тікті
27.09.2025 12:10
«Бавария» ойыншысы Харри Кейн мансабын Испанияда жалғастыруы мүмкін
Bild мәліметінше, англиялық шабуылшыға «Барселона» мен «Реал» қызығушылық танытып отыр.
Келісімшарт бойынша «Бавария» 32 жастағы ойыншыны келесі жазда 68 миллион еуроға сатуға әзір.
Кейн Мюнхеннің клубына 2023 жылдың жазында «Тоттенхэмнен» ауысып келген еді. Осы аралықта өткізген жалпы 104 матчта 100 гол соғып, 29 нәтижелі пас берді.