20.09.2025 20:34

Кейннің хет-тригі «Баварияға» жеңіс сыйлады

20.09.2025 20:34

Бундеслиганың 4-туры аясында «Бавария» сырт алаңда «Хоффенхаймды» 4:1 есебімен тізе бүктірді

Мюнхендіктер сапында Харри Кейн хет-трик авторы атанды. Сондай-ақ Серж Гнабри бір мәрте мергендік танытты. Ал алаң иелерінің жалғыз голын Владимир Цоуфал соқты.

Осылайша төрт ойында да жеңіске жеткен «Бавария» 12 ұпаймен турнир кестесінде көш бастады.

Венсан Компани шәкірттері келесі турда өз алаңында «Вердерді» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram