11.09.2025 12:49
Луис Энрикеге сәтті ота жасалды
11.09.2025 12:49
ПСЖ бас бапкері Луис Энрикенің қазіргі жағдайы белгілі болды
PSG Report мәліметінше, испаниялық маманға сәтті ота жасалды. Қазір өзін жақсы сезінеді екен.
Осыған дейін 55 жастағы тәлімгер велосипедтен құлап, бұғанасын сындырып алған еді.
Үш турдан кейін тоғыз ұпай жинаған Энрике шәкірттері Франция чемпионатының турнир кестесінде көш бастап келеді.