21.08.2025 22:41
Луис Энрике Матвей Сафонов пен Илья Забарныйға қатысты пікір білдірді
21.08.2025 22:41
«ПСЖ» бас бапкері Луис Энрике баспасөз мәслихатында команда сапында ресейлік Матвей Сафонов пен украиналық Илья Забарныйдың болуына қатысты пікір білдірді
«Сафонов пен Забарный? Спорт, әсіресе, футбол адамдарды араздастыруға емес, біріктіруге шақырады. Спорт пен ойыншылар саяси қақтығыстан алшақ болуы керек», – деді бапкер.
Осыған дейін Ильяның Instagram желісінде Матвейден басқа «ПСЖ» ойыншыларының бәріне тіркелгені қызу талқыланған еді.
Алайда кейбір дереккөздер екеуінің жаттығу кезінде бірге жүретінін және сәлемдері түзу екенін хабарлады.