12.09.2025 10:22

Луис Энрике қатарға қашан оралады?

12.09.2025 10:22

ПСЖ бапкері Луис Энрикенің қазіргі халі белгілі болды

Le Parisien мәліметінше, испаниялық маман отадан кейін оңалу барысын ойдағыдай өткізіп жатыр екен. Тіпті, дәрігерлер болжағаннан мерзімнен бұрын аяғынан тік тұруы мүмкін.

55 жастағы испаниялық маман жексенбі күні өтетін «Лансқа» қарсы ойында шәкірттеріне алаң жиегінен көмек береді деп күтілуде.

Осыған дейін Энрике велосипедтен құлап, бұғанасын сындырып алған еді.

Үш турдан кейін тоғыз ұпай жинаған ПСЖ Франция чемпионатының турнир кестесінде көш бастап келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram