09.10.2025 19:42
Лихтенштейн бас бапкері: бізде бес-ақ кәсіпқой футболшы бар
09.10.2025 19:42
Лихтенштейн құрамасының бас бапкері Конрад Фюнфштюк бес кәсіпқой футболшысы бар екенін айтты.
«Қазақстан – өте мықты қарсылас және біз де ойнай алатынымызды дәлелдегіміз келеді.
Құрамада бар-жоғы бес кәсіпқой ойыншы бар. Өкінішке қарай, қалғаны басқа жұмыста істеуге мәжбүр. Мұнда келіп, өз елінің намысын қорғау үшін олар демалыс алды және біз оны бағалаймыз. 0:0 есебінің өзі біз үшін жақсы нәтиже болар еді», – деді Конрад Фюнфштюк.
ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан – Лихтенштейн матчы 10 қазан күні 19:00-де басталады.